Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Лизингтік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Лизингтік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұскаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп» (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп» (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;