Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 Қаулысы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 1086 Қаулысын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2025.23.09. № 786 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді және 2025 ж. 7 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 196-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 16 қазандағы
№ 672 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
тізбесі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:
1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек.
2. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек:
1) пациент орналасқан жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;