Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері және олардың шаруашылықта пайдалану тәртібін белгілеу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 60/02 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану тәртібі белгіленсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы15 қазандағы
№ 60/02 қаулысына 1-қосымша
Қарағанды облысының су қорғау аймақтары мен белдеулері
| № | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері | Су қорғау аймағының ені (метр) | Су қорғау белдеуінің ені (метр) |
| Қарағанды қаласы |
| 1 | Кіші Бұқпа өзені | Қарағанды қаласы | 75-500 | 35-100 |
| 2 | Үлкен Бұқпа өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-100 |
| 3 | Солонка өзені | Қарағанды қаласы | 300-500 | 50-100 |
| 4 | Веснянка өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-100 |
| 5 | Көкпекті өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-75 |
| 6 | Узенка өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-100 |
| 7 | Ащилыайрық өзені | Қарағанды қаласы | 500 | 35-100 |
| 8 | Федоров су қоймасы | Қарағанды қаласы | 70-430 | 35-100 |