Введите номер документа
Прайс-лист

«Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығы (2024.21.05. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 20 февраля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 28 февраля 2023
Дата последнего изменениявторник, 21 мая 2024

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығы

(2024.21.05. берілген өзгерістермен)

 

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қалыптастыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

 

 

Т. Дуйсенова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғарғы білім

министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом