Введите номер документа
Прайс-лист

«О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 358 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 27 апреля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 27 апреля 2015
Дата последнего измененияпятница, 19 августа 2022

«О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 358 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне, «Мемлекеттік меншік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 168-бабына және «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен балаларға қосымша білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру болып айқындалсын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 358 қаулысымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом