Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 01-38.49 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы осы бұйрықты заңнамада белгіленеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы М. Б. Қасымбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы | Н. Нығматулин |
Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігі Басшысының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 01-38.49 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және
есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Аталған Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: