Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № С-10/2 «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № С-18/2 шешімі
Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № С-10/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 73 232 774,9 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 53 065 449,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 202 032,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 358 573,7мың теңге;
трансферттер түсімі - 15 606 719,6 мың теңге;
2) шығындар - 83 034 807,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 328 540,8 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 86 920,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 415 460,8 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 9 473 491,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 9 473 491,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 4 - қосымшалары, осы шешімнің 1 және 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Д.Әкімов |
Көкшетау қалалық мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ С-18/2 шешіміне
1 қосымша
Көкшетау қалалық мәслихатының
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ С-10/2 шешіміне
1 қосымша
2024 жылға арналған қалалық бюджет
| Санаты | Сома мың теңге |
| | Сыныбы |
| | | Кіші сыныбы |
| | | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | I. Кірістер | 73232774,9 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 53065449,6 |
| 01 | | Табыс салығы | 10969686,0 |
| | 1 | Корпаративтік табыс салығы | 4608765,0 |
| | 2 | Жеке табыс салығы | 6360921,0 |
| 03 | | Әлеуметтiк салық | 15602045,0 |
| | 1 | Әлеуметтік салық | 15602045,0 |
| 04 | | Меншiкке салынатын салықтар | 2932895,0 |