Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 73, 77 және 78-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бқйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялауды.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы « » наурыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 11 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары
қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау
және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу