«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 718 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 7 | «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы | 865 885,7 |
»;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 2 | «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Алматы қаласы | 30 676,33 |
»;
көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшада:
реттік нөмірі 1533-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«