«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 3 шілдедегі № 459 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 192 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:
19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға цифрлық жүйе (бұдан әрі - ЦЖ) арқылы электрондық түрде нысандардың толық көлемінде енгізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қарауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ЦЖ арқылы беру күні оны ұсыну күні болып есептеледі.»;
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
««Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін цифрлық жүйе болған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті енгізеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: