Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 255 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңда белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 20 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 255 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше
жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі
нормалар
1-норма
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар
комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарына арналған азық үлесі
| Р/с № | Нормалар атауы | 1 адамға мөлшерлі айқындалған тәуліктегі өлшем бірлігі |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 1-сұрыпты бидай ұны (байытылған) | 100 грамм (бұдан әрі - гр.) |