Введите номер документа
Прайс-лист

«Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2023 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 1 февраля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 1 февраля 2023
Дата последнего изменениясреда, 1 февраля 2023

«Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2023 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығы

 

«Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса тіркеліп отырған Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. «Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 80 бұйрығының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар Қызметіне:

1) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылсын.

2) Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Құқық қорғау органдары академиясы, Құқықтық статистика және Арнайы есепке алу комитеті, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокурор, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлары таныстырылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

Б. Асылов

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2023 жылғы 1 ақпандағы

№ 49 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық прокурордың Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі-ҚПК) және өзге де заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.

2. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған кезде оған ҚПК-де көзделген тергеушінің өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері жүктеледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами