Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 33 бұйрығы
(2025.06.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024.24.12. № 413 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024.24.12. № 413 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024.24.12. № 413 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;