Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығы
(2018.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 41-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілді
Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау
қағидалары
Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2017.07.06. № 372 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)