«Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 508-4393 Қаулысы
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1295 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Кизатов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 508-4393 қаулысына
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылдың 6 қазанындағы
№ 508-2075
қаулысымен бекітілді
Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің
мемлекеттік тізімі
| Р/с № | Ескерткіштің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Көпес И.С. Силиннің үйі, ХІХ-ХХ ғасырдың басы | Қала құрылысы және сәулет | Кенесары көшесі, № 35 |