Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 4 апреля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего измененияпятница, 4 апреля 2025

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мыналарды:

бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;

бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтитын Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң құрылымы бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 4 сәуірдегі

№ 151 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

 

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Ерекшелігі

Атауы

1

Салықтық түсімдер

01

Табыс салығы

1

Корпоративтік табыс салығы

05

Мұнай секторы ұйымдарының занды тұлғаларынан алынатын корпоративтік табыс салығы

10

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен - заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом