Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 9-1-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастру ережесі бекітілсін.
2. «Әкімшілік жолмен қамауға алынған адамдарды ұстайтын ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындары туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 шілдедегі № 499 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1963 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр милиция генерал-майоры | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 232 бұйрығымен бекітілген
Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру
ережесі
1. Жалпы ережелер