«Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын, ұсыну мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 71 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын, ұсыну мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 227 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13057 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есеп және қосымша ақпарат беру нысандарын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің (бұдан әрі - таратылатын банк) тарату комиссиялары беретін есеп және қосымша ақпарат берудің мынадай нысандары бекітілсін:»;
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есеп осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банктің тарату комиссиясы жасаған шығыстар туралы есеп осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізілімі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;