«Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өкілдік шығындар» бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы | А. Рахметуллин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 11-1-4/290 бұйрығымен
бекітілді