«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 391/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) қызметінің тәртібін айқындайды.»;
1-тармақтың жетінші - он бірінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің барлық түрін қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын, цифрлық жүйелерден мәліметтер бар болған кезде, оларды алады.