Введите номер документа
Прайс-лист

«Әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1118 бұйрығы (2018.25.12. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 27 ноября 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 31 января 2016
Дата последнего измененияпятница, 25 января 2019

Әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1118 бұйрығы

(2018.25.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.25.12. № 911 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-64) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.25.12. № 911 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом