«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 тамыздағы № 377-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 221-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 тамыздағы № 377-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жүзеге асырылатын елдімекендер;
2) 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жүзеге асырылатын елдімекендер;
3) 2027 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жүзеге асырылатын елдімекендер.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: