Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі алқасының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 331 бұйрығы
(2025.27.01. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі алқасының (бұдан әрі - Алқа) құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті директорының орынбасары алқа хатшысы болып бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтары жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025.27.01. № 16 бұйрығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 331 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
алқасының құрамы
| 1 | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі, төраға |
| 2 | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі |
| 3 | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрлері |
| 4 | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысы |
| 5 | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы |
| 6 | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы |
| 7 | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы |