Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрамын және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 19 ақпандағы № 39-ө бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасы Заңының 4-2-бабының 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318, 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 426 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология жане табиғи ресурстар министрлігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кұрамы мен ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кенестің құрамын және ережесін бекіту туралы» 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 390-ө бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология жане табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысы міндетін атқарушы А. Қазақбайұлына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Экология
және табиғи ресурстар министрінің
2024 жылғы 19 ақпандағы
№ 39-ө бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен
өзара іс-кимыл жөніндегі кеңестің құрамы