«Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандынрудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-98 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарында:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын МБ жарақтандыру мынадай стандарттар бойынша қалыптастырылады:»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
9-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
13-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
17-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
20-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
25-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
27-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
30-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;