Введите номер документа
Прайс-лист

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 92 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 30 апреля 2020
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 сентября 2023

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 92 Қаулысы

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 193 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 2 наурыздағы № 3-13-224 ұсынысы бойынша, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 «Карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4251 тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпандағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының және Орал қаласының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.»;

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Г. Искалиев

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2020 жылғы 30 сәуірдегі

№ 92  қаулысына қосымша

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами