«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 19 бұйрығы
(2021.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық және өзге де есепті ақпаратты ұсыну қағидалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.