Қала әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес Талдықорған қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Талдықорған қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 27 маусымдағы
№ 29-420 қаулысына қосымша
Талдықорған кала әкімдігінің кейбір каулыларының күші жойылды деп тану туралы
тізбе
1) 2015 жылғы 26 қантардағы «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» және «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы» № 2-33 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпандағы № 3084 тіркелген және 2015 жылғы 06 наурыздағы «Талдықорған» газетінің № 12 жарияланған);
2) 2015 жылғы 05 ақпандағы «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 8-97 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 20 ақпандағы № 3071 тіркелген және 2015 жылғы 20 наурыздағы «Талдықорған» газетінің № 14 жарияланған);
3) 2015 жылғы 08 мамырдағы «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 11-402 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 маусымдағы № 3219 тіркелген және 2015 жылғы 26 маусымдағы «Талдықорған» газетінің № 28 жарияланған);