Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығы
(2025.24.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» № 396 бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.
3. Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етcін.
4. Комитеттер осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген мерзімде қабылдасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.