Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығы
(2021.25.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.18.06. № 135 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10345 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;