Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы
Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар 2 қосымшаға сәйкес берілсін.
3. Қобда аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6172 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. «Қобда ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қобда ауданының әкімі | Б. Кулов |
КЕЛІСІЛДІ:
| Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы | А. Уразова |
Қобда ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 27 наурыздағы
№ 72 қаулысына 1 қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
| № р/н | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар | атауы |
| Ақрап ауылдық округі |