2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 257 шешімі
Осы редакция 2026 ж. 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2026 - 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға, келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 11 858 266 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 8 488 918 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 44 874 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 67 648 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 3 256 826 мың теңге;
2) шығындар - 11 865 309 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 40 690 мың теңге;
бюджеттік кредиттер- 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 40 690 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 33 647 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 33 647 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 33 647 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2026 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында 4-қосымшаға сәйкес жоғарғы бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер ескерілсін.
3. Қалалық бюджетте қалалық бюджеттен Ақтас кентінің бюджетіне берілетін субвенциялар көлемі ескерілсін, оның ішінде:
2026 жылға - 391 446 мың теңге;
2027 жылға - 391 006 мың теңге;
2028 жылға - 416 579 мың теңге.
4. Саран қаласы әкімдігінің 2026 жылға арналған резерві 174 544 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
5. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | О. Баймаганбетов |
Саран қалалық мәслихатының
2025 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 257 шешіміне
1-қосымша