Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 Бұйрығы
(2012.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесі бекітілсін.
2. «Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 25 ақпандағы № 103-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3506 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Б.Е. Қазбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысына (Ж.М. Қасымбек) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Е. Дүйсенбаев |
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.21.06. № 364 бұйрығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 424 бұйрығымен бекітілген
Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын
біліктілік талаптарының тізбесі
1-БӨЛІМ
Темір жол ұйымдарының орталық аппараты
| Лауазым атауы | Біліктілік талаптары |
| Мамандық атауы | Білімі | Мамандығы бойынша немесе белгілі бір лауазым бойынша еңбек өтілі | Қосымша біліктілік талаптары |
| Басшылық |