Введите номер документа
Прайс-лист

«Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 11 наурыздағы № 18 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 11 марта 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 20 марта 2026
Дата последнего изменениясреда, 11 марта 2026

«Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 11 наурыздағы № 18
Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-2-бабы төртінші бөлігінің 1-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесінде:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Нормативтер) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-2-бабы төртінші бөлігінің 1-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 73-бабына сәйкес әзірленді және онда банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары үшін макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі белгіленеді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Капиталдың контрциклдік буферінің нормативтік мәнінің аралығы:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами