Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-2-бабы төртінші бөлігінің 1-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы | Т. Сулейменов |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 25 тамыздағы
№ 52 Қаулыға
1-қосымша
Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу
әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер