Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/18 шешімі
(2022.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 2 қыркүйегіндегі № 05-10-1399 және 2020 жылғы 17 қыркүйегіндегі № 05-10-1517 ақпараттық хаттарының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.