Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушілердің және (немесе) импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығы
(2022.14.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.14.04. № 410 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2020.02.06. № 561 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.01.11. № 1128 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.14.04. № 410 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушілердің және (немесе) импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өндірушілердің және (немесе) импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау және (немесе) өндіру кезінде есепке алу-бақылау маракаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін есепке алу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Өндірушілердің және (немесе) импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау және (немесе) өндіру кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін қамтамасыз ету мөлшері бекітілсін.