ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023.30.03. № 307 бұйрығымен 119, 120-қосымшалармен толықтырылды (2023 ж. 16 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2023 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады); ҚР Қаржы министрінің 2025.08.12. № 753 бұйрығымен 119-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қантардағы
№ 39 бұйрығына
119-қосымша

































Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қантардағы
№ 39 бұйрығына
120-қосымша
«Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау
қағидалары
(2025.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі - КТС) есептеуге арналған «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация» салық есептілігінің нысанын (бұдан әрі - нысан) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:
мемлекеттік органдар;
орта білім берудің мемлекеттік мектептері;
110.00 немесе 150.00-нысандар бойынша декларацияны толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент-заңды тұлғалар жасайды.
ҚР Қаржы министрінің 2025.08.12. № 753 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-100.13-ге дейінгі нысандар) тұрады.