«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 753 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 39 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 119-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 120-қосымшаға сәйкес бекітілген «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-100.13-ге дейінгі нысандар) тұрады.»;
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1. Аталған нысан 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын нысанға 13-қосымшаны қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) 100.00.062-жолында Салық кодексінің 223-бабы 4) тармақшасына сәйкес БШК және БШК ТМ-нің салық салынатын кірісінен КТС-ті қоспағанда, есептелген КТС жиынтық сомасы көрсетіледі.
100.00.059 + 100.00.061 I + 100.13.012 немесе 100.00.062 II + 100.00.064 + 100.13.012 жолдары ретінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тараумен толықтырылсын:
«14-1-тарау. Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасында айқындалған салық салу объектілері бойынша кіріс - 100.13-нысанын толтыру бойынша түсіндірме