«Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 428/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасында:
1-қосымшада:
1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бөлім. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана»;
1-тармағының алтыншы абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
реттік нөмірлері 83 және 84-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 382 және 383-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 382. | Көші-қон саласындағы мемлекеттік және өзге қызметтерді көрсету, есепке алу | Қандас мәртебесін беру | «Қандас» ДҚ ААЖ (ішінара) | Өтініштерді тіркеу, қарау, шешімдерді құру және келісу процестерін автоматтандыру. Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтініштерді электрондық түрде қабылдауды автоматтандыру | Қандас мәртебесін беру туралы өтініштер тізілімі Қандас куәліктерінің тізілімі | ЖҚӘББ |
| 383. | Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады | | Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының тізбесі | ЖҚӘББ |
»;
реттік нөмірі 389-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 389. | Көші-қон саласындағы мемлекеттік және өзге қызметтерді көрсету, есепке алу | Қандастарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады | «Қандас» ДҚ ААЖ (ішінара) | | | ЖҚӘББ |
»;
реттік нөмірі 397-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«