«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қарашадағы № 12-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 312-НҚ бұйрығы
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 60/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереженің 21-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Агенттік төрағасының 2020 жылғы 9 қарашадағы № 12-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: