Аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 60/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының келесі бұйрықтары жойылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» 2020 жылғы 9 қарашадағы № 12-НҚ;
2) «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 9 қарашадағы № 12-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қарашадағы № 312-НҚ.
4. Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті осы бұйрықты Комиссия мүшелерінің назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Аппарат басшысы А.С. Исаковқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.