Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 151 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология Кодексінің 241-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
| Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі | М. Мирзагалиев |
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 19 мамырдағы
№ 151 бұйрыққа
қосымша
Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы биортүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология Кодексінің (бұдан әрі - Экология кодекс) 241-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және биологиялық әртүрлілік шығынының орнын толтыру жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: