Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығы
(2025.07.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 23-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 185 бұйрығымен
бекітілген
Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 75-бабына сәйкес әзірленді және бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау тәртібін айқындайды.