Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖАУАПКЕР...

Информация о документе
Датапятница, 28 августа 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

«Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 989 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 19 қарашадағы Заңымен ратификацияланған 2008 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы (қарыз нөмірі 48840-KZ) Қарыз туралы келісімді (технологияларды коммерцияландыру жобасы) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) құрылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні технологияларды коммерцияландыру жобасын үйлестіру, іске асыру және басқару, ғылыми негіздер мен ғылымның нарықпен байланысын нығайтуды қамтамасыз ету болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 170000 (бір жүз жетпіс мың) теңге мөлшерінде жарғылық капитал қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, серіктестіктің жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) серіктестікке қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом