«Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 30/01 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 12/03 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1830 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 маусымдағы № 98-100 «Орталық Қазақстан» және 2007 жылғы 30 маусымдағы № 75 «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1. Көрсетілген қаулының қосымшасы осы аулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2024 жылғы 10мамырдағы
№ 30/01 қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2007 жылғы 30 мамырдағы
№ 12/03 қаулысына қосымша
Карантин режимі енгізілуі тиіс өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау нысандарының
тізбесі
| № р/р | Шаруашылықсубъектілер, басқа да нысандаратауы, жертелімдерінің санаттары | Аудандар (қалалар), ауылдықокругтержәнеелдімекендератауы | Залалданғаны (ластанғаны) | Ошақтардыанықтаукүні (актілер бойынша), ескертпелер |
| телімдер (алқаптар) | алаңы, гектар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| Ж а т а ғ а н (қ ы з ғ ы л т) у к е к і р е (Acroptilonrepens L.D.C.) |
| I. | Абай ауданы | 36 | 3829,976 | |
| 1 | «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы, республикалық маңызы бар автожолдарға берілген жер телімі | Құлайғыр а/о | 1 | 23 | 28 мамыр 2010 жыл |
| 2 | «Февраль -2020» ЖШС, а/ш танаптары | 1 | 237,5 | қайта рәсімделді, бұрынғы жер пайдаланушы - «Алтай и К» ЖШС |
| 3 | «Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, аудандық маңызы бар автожолдарға берілген жер телімі | Көксу а/о | 4 | 5 | 10 маусым 2010 жыл |