Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығы
(2025.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 3 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 76 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Бас прокурорының 2017.11.10. № 115 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.30.05. № 115 бұйрығымен (2023 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.03. № 41 бұйрығымен (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Бас прокурорының 2017.11.10. № 115 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бас Прокурорының м.а. 2020.02.07. № 82 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.28.03. № 41 бұйрығымен (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Бас прокурорының 2017.11.10. № 115 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.30.05. № 115 бұйрығымен (2023 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.03. № 41 бұйрығымен (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған, Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау Қағидалары бекітілсін.