Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН КӨ...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 28 января 2023
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 28 января 2023

Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № ҚР ДСМ-20/2020 бұйрығы

(2023.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.30.06. № ҚР ДСМ-57 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

 

Е. Биртанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Р. Дəленов

2019 жылғы «____» ___________

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.30.06. № ҚР ДСМ-57 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами