Атырау облысы аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеу және бөлшектелу қағидаларын бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 42 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заңының 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеу және бөлшектелу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
Атырау облысы әкімдігінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ 42 қаулысына
қосымша
Атырау облысы аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеу және бөлшектелу қағидаларын бекіту
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер