Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДІНИ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ТУРОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГ...

Информация о документе
Датасреда, 22 ноября 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 22 ноября 2017

Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 166 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті белгіленген Қазақстан Республикасының заңнамалық тәртібінде:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауына жіберілуін;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Дін істері және азаматтық

 қоғам министрі

 

 

Н. Ермекбаев

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом